Smart Almaty

Нәтижелі инновациялар

Алматы қаласында «Ақылды қала» концепциясын құрастыру және іске асыру «Алматы – 2020» Даму бағдарламасын қабылдауымен анықталған. Жобаның мақсаттары - өмір сапасын және қауіпісіздікті жоғарлату, инфрақұрылым мен инвестициялық тартымдықты дамыту, көлік және экологиялық мәселелерді шешу, энергия және суды тиімді пайдалану, коммуналдық қызметтердің тиімділігі мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.

2030 жылғы Алматы қаласына деген көзқарасымыз келесі – «Күнделікті өмір сүруге, қызмет жасауға және демалуға арналған ыңғайлы халықаралық маңызы бар тұрақты қала».

2020 Даму бағдарламасын жүктеу

SMART ALMATY ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

«Ақылды қала» ұғымы қаланың бизнес-үрдістері мен қосалқы мәдениетіне сандық технологияларды тиімді енгізу дегенді білдіреді.

Қазіргі кезде әлемде «Ақылды қала» жобаларын іске асыруға арналған ортақ стандарттар мен жалпылама шешімдер жоқ. Сондықтан Smart Almaty жобалық офисінің командасы біздің қаланың сәтті дамуына арналған арнайы формуласын құрастырды. Ол үшін қаланың барлық бағыттарының (көлік, қауіпісізік, т.б.) даму деңгейін бағалау бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Біз дамудың жетілдіру деңгейі 5 ұпайы бойынша өлшенетін халықаралық методологиясын қолдандық.

Алматы қаласының жетілдіру деңгейі

Алматы қаласының жетілдіру деңгейін анықтау мен «Ақылды қала» тұжырымдамасы аясында дамудың негізгі мақсаттарын құрастыру үшін қаланың қазірде қолданатын ақпараттық жүйесі және ақпараттық-коммуникациялық технологиялары зерттеліп, олардың жұмыс істеуі мен тиімділігіне талдау жүргізілген.

Зерттеудің нәтижесінде қала дамуының 6 бағыты анықталып, әрбіреуіне тиісті ұпай қойылған.

Сондай-ақ, Алматы қаласының жетілдіру деңгейінің жалпы ұпайы анықталған – қала 5 ұпайдан 1,7 ұпайды алып отыр (яғни, қаланы Конъюнктуралық деңгейге жатқызуға болады).

АЛМАТЫ АДБ 5 ПРИНЦИПТЕРІ

АЛМАТЫ-2020-НЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ