Жағдайлық орталығы

Жобаның сипаттамасы

Жоба әртүрлі деректерді табуға, жинауға, талдау жүргізуге, ингерациялауға және өңдеуге арналған технологиялық шешімдердің кешені болып табылады. Жағдайлық орталықтың қызметшілері қалада осы сәтте болып жатқан жағдайларды бақылап, тексеріп отырады. Сондай-ақ, олар тез арада сараптамалық шешімдерді қабылдап, Алматы қаласында болып жатқан жағдайдың дамуын модельге түсіреді.

Мақсаттар

  • қала жағдайын саралау және жағдайдың даму жолдарын болжау;
  • тез және стратегиялық басқармалық шешімдерді қабылдау үшін келіп түскен ақпаратқа сарапшылық талдау жүргізу;
  • шешімдердің орындалуын саралау;
  • жиналған деректерді ыңғайлы әрі түсінікті түрде визуализациялау (видео, аудио, географиялық карта, диаграмма, кесте және т.б.).

2017 жылға дейін іске асырылатын қадамдар

  • «Жағдайлық орталығы» жобасының концепциясын құрастыру және оны бекіту.
  • Жобаның бірінші кезеңін іске асыруға кірісу.

Жобаның іске асырылу мерзімдері мен кезеңдері

2017
2018
2019
2020
Бастапқы жоба
(жүйені енгізу, жағдайлық орталықты ұйымдастыру)
Екінші кезең
(жүйені кеңейту, жағдайлық орталыққа қолдау көрсету)