Жайлы қала

Жобаның сипаттамасы

Жоба жалпықалалық қоғамдық кеңістіктердің үйлесімді дамуы, тарихи мұраларды сақтау, мегаполистің сыртқы келбетін және бизнес-климатын жақсарту арқылы Алматы қаласындағы өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Мақсаттар

  • Өмір сүру, жұмыс істеу және демалу үшін жайлы жағдайларды жасау.
  • Қаланың жасыл аймақтардағы жүргіншілер қозғалысының үзілмейтін жүйелерін, яғни «Жасыл коридор» құру.
  • Қоғамдық ашық кеңістіктерді құру.
  • Кедергісіз қалалық орта құру.
  • Қалалық жарнамалар мен бірінші қабаттағы фасадтардың дизайнын стандартқа келтіру, ауа инженерлік коммуникацияларды жердің астына көшіру арқылы қаланың сыртқы келбетін жақсарту.
  • Жоғарғы қоғамдық қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету.
  • Тарихи мұраларды сақтап қалу.

2017 жылға дейін іске асырылатын қадамдар

  • «Жайлы қала» тұжырымдамасын құрастыру және оны бекіту.
  • Қаладағы қоғамдық кеңістіктерді тиімді модернизациялау және жабдықтау үшін қаладағы қазіргі кездегі жүргіншілер ағымы туралы деректерге талдау жүргізу.

Жобаның іске асырылу мерзімдері мен кезеңдері

2017
2018
2019
2020
Адамдарға арналған қала
Қоршаусыз қала
Ашық аспан
Қауіпсіз қала