ОҢАЙ

Жобаның сипаттамасы

«Жол ақысын есептеу және төлеу бойынша автоматтандырылған жүйесі» - бұл Алматы көлік саласы реформасындағы алғашқы қадам болып табылатын электронды билет беретін жүйе.

«ЖЕТАЖ» жобасының мақсаты - жолаушылар тасымалы саласының сатылы әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған технологияылық негізін құру болып табылады.

«ЖЕТАЖ» жобасының міндеттері:

  • қоғамдық көліктегі жолаушылар ағынының бөлінуі туралы деректерді алу;
  • қала бюджетіне салық кірісін көбейту үшін қоғамдық көліктегі жол ақысының көп бөлігін көлеңкелі айналымынан шығару;
  • тасымалдаушылардың өкілетті органдар бекіткен арнайы жеңілдігі бар тарифтермен жүретін адамдарға қызмет көрсетілген шығындарын өтеу үшін бюджеттік қаражаттарды жоспарлауға қажетті деректерді алу.